(Для регионов)193
(Для Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​Петропавл қаласындағы радиохабар таратуды уақытша өшіру
2021-08-18

25 тамызда Петропавл қаласында бірқатар радиобағдарламаларды тарату уақытша тоқтатылады. 09.00-ден 15.00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ мамандары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісі арқылы телерадиоарналарды ретрансляциялауға жауап беретін жабдықты бақылау мақсатымен өлшеу жұмыстарын жүргізетін болады. Көрсетілген уақытта мына радиобағдарламаларды тарату тоқтатылады: «NS радио», «DALA FM», «Русское радио Азия», «Европа плюс Казахстан», «Авторадио Казахстан», «Радио Дача», «Жұлдыз FM», «Vostok FM».

Бұл жұмыстар цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде мультиплекстеуші жабдықтың үздіксіз жұмысын ұйымдастыру мақсатында жүргізілмекші.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның call-center-іне мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жолдауға болады.

< Кері қайту