(Для регионов)193
(Для Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
Атырау облысында 8 РТС қолданысқа енгізілді
2020-12-03

Цифрлық эфирлік телехабар тарату (ЦЭТВ) желісін енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан соңғы жылдары республика азаматтарының басым бөлігі қазақстандық телеарналардың кең көлемді жиынтығына қол жеткізді, әрі ешқандай абоненттік төлемсіз. Цифрлық сигнал түрлі кедергіге төтеп бере алады, шусыз, бұрмалаусыз шалғай жатқан елді мекендерге дейін қаз қалпында жеткізіліп отыр.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «цифр» 600 мыңнан астам тұрғыны бар Атырау облысында орнықты. Зинеден, Индербор, Қаракөл, Күлсары, Мақат, Миялы, Сағыз, Жаңаауыл (Сафоновка) елді мекендерінде орналасқан 8 радиотелевизиялық станция қолданысқа енгізілді. Осылайша, 64 елді мекенде тұрып жатқан 170 мың тұрғын 11 отандық телеарнаны цифрлық сапада тамашалайтын болды. Әрі оның бірі HD форматында. Енді облыс тұрғындары Qazaqstan, Хабар, El Arna, Balapan HD, QAZSPORT, Первый канал Евразия, Атырау облыстық телерадиокомпания, Хабар 24, Kazakh TV, Abai TV, Caspiannews телеарналарын кескін мен дыбыстың жоғары сапасында тамашалайды.

Айта кетерлік бір жәйт, Атырау қаласына цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі 2012 жылы келген болатын. Ол кезде облыс орталығы мен жақын маңда орналасқан елді мекендер желіге қосылған еді. Яғни, «цифрлық» сигнал бүгінде өңірде 350 мың тұрғынды қамтып отыр.

Қазақстан Республикасында жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлығы 827 РТС тұрғызылып, модернизациядан өткізілуі тиіс. Қазірдің өзінде оның 529-ы қолданысқа енгізіліп, республика халқының 89,55 пайызын цифрлық сигналмен қамтып отыр. Мұның ішінде биыл іске қосылған РТС-терді атап айтар болсақ: Солтүстік Қазақстан облысында 13, Қызылордада 16, Шығыс Қазақстанда – 6, Ақтөбеде – 5, Ақмолада 3, Қарағандыда 11 және Атырау облысында 8 станция жұмыс істеуін бастады.

2021 жылы аймақта тағы 9 РТС-ты іске қосу жоспарланып отыр. Кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшу жоспарына сәйкес, Атырау облысында аналогтық желі 2022 жылы өшріледі. Бүгінгі таңда өңір халқының 79 пайызы ЦЭТВ сигналымен қамтамасыз етілді.

Атырау облысында ЦЭТВ қамту аумағына енген 64 елді мекеннің тізімі (8 РТС қолданысқа енгізу мерзім – 2020ж. Желтоқсан айы):

  • «Мақат» РТС: Мақат, Доссор, Бәйгетөбе;
  • «Индербор» РТС: Индербор, Бөдене, Жарсуат, Ынтымақ, Елтай, Есбол, Кетебай, Аққала;
  • «Күлсары» РТС: Күлсары, Аққызтоғай, Аққұдық, Қарағай, Жаңа Каратон, Қойсары, Қосшағыл, Майкөмген, ауыл Тұрғызба, Аққұдық, Шоқпартоғай, Қараша, Тұрғызба;
  • «Миялы» РТС: Миялы, Жангелдин, Жасқайрат, Аққора,
  • «Қаракөл» РТС: Қаракөл, Қоздықара, Қарабау, Тасшағыл, Бүйрек, Қоныстау, Қосқұлақ, Қоғам, Айдын, Тайсойған, Мәдениет, Балабейіт, Бұқар, Қоныстану;
  • «Сағыз» РТС: Сағыз, Былқылдақты, Сарықумақ, Шолақсай;
  • «Зинеден» РТС: Зинеден, Исатай, Амангелді;
  • «Сафоновка» РТС: Сафоновка, Жаңаауыл, Жасталап, Жыланды, Амангелді, Үлкен Күйген, Котяевка, Кудряшево, Қызылоба, Бірлік, Шортанбай, Көптоғай, Арна, Балықшы, Жасарал.
< Кері қайту