(Для регионов)193
(Для Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облыстары үшін цифрлық эфирлік теледидарға көшудің жаңа мерзімі анықталды
2020-12-08

Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында аналогтық телехабар тарату желісін өшіруді 2021 жылдың ақпан айына ауыстыру жоспарланып отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезінде халық ақпараттық ошаулауға түсіп қалмас үшін осындай шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта COVID 19 вирусы таралуының алдын алу жұмыстары аясында Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік шара қолданылуда, соған байланысты халықты барлық ақпарат көздері арқылы ақпараттандыру қажеттілігі туындайды. Негізгі ақпарат көзі болып табылатын телерадиоарналар эфирінде карантиндік талаптарды орындау қажеттігі жөнінде сағат сайын хабарландыру жүзеге асырылып отыр.

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №383 бұйрығына сәйкес цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу мерзімін анықтауға өзгерістер енгізілді. Осылайша, цифрлық эфирлік теледидарға көшуінің үшінші кезеңі Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы үшін жоспарланған, және көшу 2021 жылдың 1 ақпанына дейін жүзеге асырылады.

2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы цифрлық форматқа ауысады.

Ал соңғы, бесінші кезеңде, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Цифрлық эфирлік телехбар тарату желісін енгізу аясында көптеген облыстар, республикалық маңызы бар қалалар цифрлық хабар таратуға көшті.

Осыған байланысты «Қазтелерадио» АҚ мамандары өңірлердің тұрғындарына бұл үрдіске дайындалуға кеңес береді. Аналогтық желіден цифрлық телехабар тарату желісіне көшуден тұрғындардың ұтары көп екенін түсіну керек. Бұл көптеген арналарға, жоғары сапалы сурет пен дыбысқа қолжетімділік. Қала мен ауыл тұрғындары 15-тен 30 шақты цифрлық стандарттағыарнаны тамашалай алады. «Цифрлық» кескін «аналогқа» қарағанда үзілмейді, бұрмаланбайды, дыбысы жоғалып кетпейді. Ол жерсеріктік немесе кабельдік телевизиямен бірдей, бірақ олардан басты айырмашылығы цифрлық эфирлік телехабар ай сайыцнғы төлемсіз таратылатындығында. Оған қосылу үшін теледидардың DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартында көрсететініне көз жеткізу керек. Сонда дециметрлік антеннаны қосу ғана қалады. Ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан сізге цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады, оның бағасы шамамен 4500-5000 теңге тұрады.

Бұл дайындық жұмыстары «аналог» өшірілген кезде адамдар теледидарсыз қалмайтындай етіп жасалуы керек.

Қазіргі уақытта цифрлық эфирлік телехабарды Атырау және Қарағанды облыстарына қосу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Айта кету керек, бүгінде республика тұрғындарын цифрлық эфирлік телехабарлармен қамту 90,77% құрайды, ал 2022 жылға қарай ел халқының 96% дейін қамту жоспарланып отыр.

«Қазтелерадио» АҚ жеке тұлғаның және қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін, телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттардың сенімділігін, азаматтардың ақпаратты еркін алу құқығын қамтамасыз етуді қорғауды қолдайды. Осыған қарамастан, ақпараттың сапасы заманауи технологиялық прогреске байланысты анықталады, бұл телевизия индустриясының цифрлық эфирлік хабар таратудың жаңа даму деңгейіне өтуін анықтайды.

Қосымша сұрақтарыңыз болса «Қазтелерадио» АҚ call-орталығына келесі нөмірлер арқылы хабарласуларыңызды ұраймыз:

  • 193(өңірлік абоненттер үшін)
  • +7(727) 2 581 500 (Алматы қ. үшін)
  • 7193 (ұялы телефоннан)
  • e-mail: abonent@otautv.kz
< Кері қайту