(Для регионов)193
(Для Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​ҚАЗТЕЛЕРАДИО: Таулы, тасты жер болса да радиотелевизиялық станция салынады
2020-12-22

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру - бүгінгі күннің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағдарлама аясында «Қазтелерадио» АҚ - телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператордың тікелей қатысуымен және қолдауымен цифрлық эфирлік телевизияға көшу жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Бұл үрдістегі басты міндет – радиотелевизиялық станцияларын салу. Қазіргі уақытта жобаға енгізілген 827 РТС-тің 543-і салынды. Оның ішінде биыл 68 цифрлық радиотелевизиялық станция іске қосылды: 13 - Солтүстік Қазақстанда, 16 - Қызылордада, 6 - Шығыс Қазақстанда, 5 -. Ақтөбеде, 4 - Ақмола, 16 - Қарағанды және 8 - Атырау облыстарында.

Осы жылдың желтоқсан айында ғана Қарағанды облысында тестілеу режимінде 5 радиотелестанциясы іске қосылды, жыл соңына дейін тағы үшеун іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар соңғы айда Ақмола облысының Ерейментау қаласында бір радиотелевизиялық станция, Атырау облысында 8 РТС іске қосылды.

Келесі жылы 87 РТС-тің құрылысын аяқтап, 139 жаңа станцияның құрылысын бастау және аяқтау көзделген. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында аналогтық телехабар тарату желісі 2021 жылдың ақпан айына дейін өшіріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы толығымен цифрлық форматқа ауысады.

Радиотелевизиялық станция - сыйымдылығына қарай биіктігі 100 метрге жететін мұнара. Оны салу оңай емес. Қауіпсіздік мақсатында желді, дауылды ауа-райында антенна-діңгек құрылымына көтерілуге тыйым салынады.

Бір радиотелевизиялық станцияның құрылысы шамамен бірнеше айға созылады, оның өзінде жалдаушыда қажетті мөлшерде жұмыскерлердің болуы, жабдықты жеткізуде қиындықтар туындамаған жағдайда ғана. Алайда, биыл пандемия салдарынан құрылыс тоқтатылып, тек маусым айында жалғасты.

Басқа қиындықтар да бар. Мысалы, жосықсызкомпаниялар тендерді ұтып алған соң, келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамай қоятын жағдайлар кездеседі. Сондай-ақ, құрылыс, шалғай аудандарда, жетуі қиын жерлерде жүреді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақта жоспар бойынша 65 радиотелевизиялық станция салынуы тиіс. Қыс уақытында жергілікті табиғат ерекшлігіне байланысты мұнда құрылыс жүргізу мүмкін емес. Дегенмен, Қазтелерадио мамандары: алда қандай тау тұрса да, ол жерге радиотелевизиядық станция міндетті түрде салынады деп сендіруде. Жалпы жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, ал цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бүкіл елге қарқынды түрде тартылып жатыр. Республика тұрғындарын цифрлық эфирлік телехабар сигналымен қамту деңгейі қазірдің өзінде 90,96% жетті, ал 2022 жылға қарай ел халқының 95% -дан астамын қамту жоспарланып отыр.

< Кері қайту