Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​Аңдымаймыз!

«Қазтелерадио» АҚ абоненттерінің жеке деректері аңдылмайды.

«Қазтелерадио» АҚ жедел-іздестіру іс-шаралары жүйесін (ЖІІЖ) сатып алу қалааралық және халықаралық желілерге шығатын «Қазтелерадио» АҚ ішкі корпоративтік телефон желісінде пайдалану үшін ғана жүзеге асырылатынын хабарлайды.

ҚР «Байланыс туралы» заңының 15 бабы 1-1 тармағына сай ҚР аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс желілерінің иелері барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру (ЖІІ), қарсы барлау іс-шараларын (ҚБІ) жүргізудің техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге міндетті.

Қазіргі уақытта «Қазтелерадио» АҚ желісінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары арасында телефон байланысын қамтамасыз ететін екі телефон станциясы орнатылған.

Қорытындылай келе, «Қазтелерадио» АҚ басшылығы бұл жүйе OTAU TV және эфирлік телевизия абоненттеріне арналмағанына, сонымен қатар, клиенттік жабдықтан ақпарат алудың техникалық мүмкіндігі мүлдем жоқ екеніне сендіріп отырғанын атап өтеміз, өйткені цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату технологиясында кері байланыс арнасы қарастырылмаған.