Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Түркістан облысында телерадио хабарларын таратуды уақытша тоқтату

2021 жылғы 16 қыркүйекте Түркістан облысының «Шәуілдір» радиотелевизиялық станциясында радиохабар жабдықтарын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жұмыс жүргізу барысында сағ. 09.00-17.00 аралығында Түркістан облысының бірқатар елді мекендерінде цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша телеарналарды тарату тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz. электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады.