Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​Солтүстік Қазақстан облысындағы РТС жоспардан тыс жұмыстар

«Ұзынкөл» және «Николаевка» радиотелевизиялық станцияларында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын өшіре отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі. 20-24 қыркүйек, 27 қыркүйек - 1 қазан және 4-8 қазан аралығында сағат 10.00 – 11.00 және 15.00-16.00 аралығында: «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «QYZYLJAR», «QAZSPORT HD» и «Qazaq Radiosy» телерадио арналары уақытша өшіріледі.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (мобилді телефоннан қоңырау шалу тегін) , +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz. электрондық мекенжайына хабарлама жіберуге болады.