Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар ауыстырылды

«Қазтелерадио» АҚ 2021 жылдың 20 қазанына жоспарланған ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогты телерадио хабарларын тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректер жіберу желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың (бұдан әрі – ЖПЖ) ауыстырылғанын хабарлайды. ЖАЖ жүргізудің жаңа мерзімі туралы кейінірек хабарланатын болады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, өйткені тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті біраз уақыт өшіруге мүмкіндік береді, осы кезде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

call-center: 193, +7(727) 2 581 500,

e-mail: abonent@otautv.kz