(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

​«OTAU TV» пайдаланушылар саны 1 500 000-ға жетті

2020 жылғы қарашада «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телевизиясын пайдаланушылар саны тағы бір үлкен белес – 1 500 000-ға жетті. «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың отандық нарығына енгеніне шамамен 9 жыл болды, ұлттық жерсеріктік телевизияны ресми түрде іске қосу Елбасының қатысуымен 2011 жылғы 18 қаңтарда өтті.

2011 жылы телерадио хабарларын таратудың жерсеріктік желісі халыққа «OTAU TV» еркін қолжетімді арналардың топтамасына енгізілген 44 отандық телерадиоарнаны тегін көруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі арқылы «Тегін» топтамасы 66-дан астам телерадиоарнаны таратады.

Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату республика аумағын 100% қамтуды қамтамасыз етіп отыр, соның арқасында халық бұл қызметке кез келген елді мекенде қосыла алады.